Алғыс айту күні » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
01
March
2021

Алғыс айту күні

Қазақстанның ұлттық мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын,  азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні. Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн –  мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын символы. Бұл мереке бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастырып, еліміздің басты құндылығы бірлігімізді нығайта түссін. 
1 наурыз алғыс айту күні құтты болсын, Қазақстандықтар!


https://www.facebook.com/100050151733514/videos/256971895984533


1 - Наурыз жылдың ең сыпайы – Алғыс айту күні.  Рақмет айтып ризашылық сезімін білдіру  - бата-тілек айту  – психологиямыздың мықты болмысын дәлелдейтін дәстүр. Ахмет Байтұрсынов: «Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз»  деген еді. Қазақ тумысынан кез-келген берекелі іске, дүниеге алғысын аямаған, алғыс айтудан қашпаған. Алғыс алу адамның жанын жадыратады. Алғыс естіген сайын жақсы іс тындырып, қуанышымыз еселене түседі, солай емес пе? Алғыс сөздер біздің физикалық және рухани жағдайымызға оң әсерін тигізетіні ғылыми дәлелденген. Калифорнияның әлеуметтік психологы, профессор Роберт Эммонс, тіпті адамға «рақмет» деп айтатын болсақ, біз жағымды эмоцияға бөленеміз деп есептейді. Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің 
Г. Қаламырзаеваның ұйымдастыруымен "Алғыс күніне " арналған 
1 "Б "  сынып оқушыларының бейнеролигін ұсынамыз.
https://www.facebook.com/100050151733514/videos/256946385987084


Құрметті достар, әріптестер, Сіздерді Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі ұжымының атынан шын жүректен Қазақстанның ұлттық мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын,  азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні. Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн –  мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын символы. Бұл мереке бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастырып, еліміздің басты құндылығы бірлігімізді нығайта түссін.
Барлығыңызға белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігіңіз үшін, туған өлкемізді көркейтудегі  елеулі еңбегіңіз үшін алғыс айтамыз! Шаңырақтарыңызға шаттық, бақыт және амандық-саулық тілейміз!
https://www.facebook.com/100050151733514/videos/256068582741531