Parents жадынама » Б.Момышұлы атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
10
April
2020

Parents жадынама

АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА

Құрметті ата – аналар!


Бұл жадынама Сіздерге арналған! Сіз балаңызға ең жақын адам ретінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылық пен жыныстық қолсұғуларға қарсы тұруына көмектесетін адам болып табыласыз.

Зорлық – зомбылықтың алдын алуға болады, тек ол үшін балаға «Жеті болMayды ережесін» қалыптастыруға көмектесіңіз:


  • Көшеде бейтаныс адаммен сөйлесуге және үйге кіргізуге болMayды;Подъезд және лифтке бейтаныс адаммен кіруге болMayды. Басқа ересек адамды не әйел адамды күткен дұрыс;
  • Үлкендерсіз (ата – ана, мұғалім, ересек туысқандар) бөтен автокөлікке отыруға болMayды;
  • Бейтаныс адамдардан сыйлық алуға және олардың үйіне шақыруын немесе басқа бір жерге барайық деген ұсынысын қабылдауға болMayды;
  • Далада жалғыз жүруге болMayды, әсіресе кешкілік уақытта;
  • Үйде ересек адамдар болмағанда үйдің есігін ашуға болMayды (бейтаныс адамның су сұрауы, телефонмен сөйлесуге рұқсат сұрауы, ата – анаға хат жазамын немесе құжат қалдырамын деуі мүмкін)
  • «Қатерлі топпен» байланыс жасауға болMayды (маскүнемдер, нашақорлар, сотталғандар және т.б.), олар көршілер не алыс туыстар болған жағдайдың өзінде де.

Қауіп – қатер туған жағдайда өз – өзін осылай ұстау ұятты емес, қажетті екендігін түсіндіріңіз!


Жасөспірімге  үнемі «ЖОҚ» деп жауап беруді үйретіңіз:


  • Егер балаңызға қонаққа кіруге немесе үйге дейін жеткізіп салайық деген ұсыныстарына, ол көрші болғанның өзінде де;
  • Егер үйде ата – ана болмаған кезде бейтаныс (нашар танитын) адам келіп үйге кіргізуін өтінсе;
  • Егер бейтаныс адам қажетті көшені көрсетіп жіберуді, сөмкесін көтерісуді немесе дүкенге дейін шығарып салуды сұраса;


Әлеуметтік желі арқылы танысып, кездесуге шақырса, жасөспірімдер  келесі сөздер тізбегін жаттап алсын:

  •  Рахмет, бірақ менің ата – анам бейтаныс адамдардың үйіне қонаққа баруға тыйым салады;
  • Кешіріңіз, бірақ мен ешқайда барMayмын;
  • Мені жайыма қалдырыңыз, болмаса мен айқайлаймын.